Абай – қазақтың ұлы ақыны ғана емес, ұлттың ой-санасын оятқан, ел болудың жолын көрсеткен ұлы ойшыл.
Бүгінде мемлекетіміздің алдына қойып отырған маңызды міндеттер – заң мен тәртіпті сақтау, еңбекті қадірлеу, білім мен ғылымды дамыту, адалдық пен жауапкершілікті нығайту. Бұл құндылықтардың барлығы Абайдың шығармаларында терең көрініс тапқан.
Абай айтқан «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым» секілді асыл қасиеттер – кез келген қоғамның берік негізі.
Ұлы ақынның мұрасы бізге өткенді тану үшін ғана емес, бүгінгі күнді дұрыс қалыптастырып, болашаққа нық қадам басу үшін қажет.
Абайдың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөзі әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін айқындайды.
Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын!
Абай мұрасын ұлықтап, оның адамгершілік пен білімге үндеген өнегесін күнделікті өмірімізге арқау етейік.
Абайдың сөзі – ұлттың сөзі.
Абайдың аманаты – елдің ертеңіне жол көрсететін темірқазық.
Абай күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1271682?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау