Құрметті отандастар!
Сіздерді ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтайтын айтулы күн – Абай күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Абай мұрасы – халқымыздың рухани өзегі, ұлттық санамыздың ажырамас бөлігі. Ұлы ақын өз шығармаларында әділет пен адамгершілікке аса мән береді.
Биыл Абайдың тағылымын кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің барлық өңірінде «Абайды оқы, таңырқа!» челенджін ұйымдастырдық.
Жалпы, біз жыл сайын ұлы ақынның шығармаларын дәріптеуге кешенді іс-шаралар арнаймыз.
Прокуратура органдарында «Абайды оқы, таңырқа!» челенджі екі ай көлемінде насихатталса, орталық аппараттың 90-ға жуық қызметкері қатысатын «Талап қыл артық білуге» зияткерлік ойынымен қорытындыланады.
Абайдың «Толық адам» туралы ілімі бүгінгі «Адал азамат» идеясымен сабақтас. Біз Абайдан тағылым аламыз, мақтан тұтамыз!
Ұлы Абайдың өсиеті ұрпақ санасында жаңғырып, Адал азамат – Заң және тәртіп – Әділетті қоғам құндылықтары еліміздің берік тұғырына айнала берсін!
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, елімізге бейбітшілік пен береке тілейміз!
Абай күні құтты болсын!
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1271844?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау