Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Ақжал кентінің әкімі аппаратының қызметкерлері М.Арыстанбекова, Ж.Акшалова кент аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарына, дүкендерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында нысан маңдайшалары, ас мәзірлері және тұтынушыларға арналған ақпараттардың мемлекеттік тілде рәсімделуіне назар аударылып, ас мәзірі ең алдымен қазақ тілінде ұсынылуы қажеттігі түсіндірілді.
Кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және заң талаптарын сақтау жөнінде ескертулер беріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1271628?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау