Атырауда жабайы қарасораның 10 мыңнан астам түбі жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Атырау облысында “Қарасора-2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 10 мыңнан астам қарасора өсімдігі анықталып, жойылды.

     1 маусымнан бастап республика аумағында есірткі құралдарының заңсыз айналымына жол бермеуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.

     Атырау облысында оның аясында жабайы қарасора өсетін аумақтарды анықтау, өсімдіктерді жою және олардың таралуына жол бермеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

     Полиция қызметкерлері облыс аудандарындағы елді мекендерге іргелес аумақтарды, иесіз жер учаскелері мен ауыл шаруашылығы алқаптарын тексеруде. Рейдтік және тексеру шараларының нәтижесінде қазіргі уақытта 10 мыңнан астам қарасора өсімдігі анықталып, белгіленген тәртіппен жойылды.

     Жабайы қарасора өсетін аумақтар анықталған жағдайда полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдап, өсімдіктерді заңнамада белгіленген тәртіппен жояды.

     Полиция есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес – ортақ міндет екенін еске салады. Азаматтарды күмәнді жағдайларға бейжай қарамай, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты кез келген ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1271802?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version