Айыртау ауданының әкімі М. Меңдібаев Арықбалық ауылына барып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты.
Қазандық 2020 жылы пайдалануға берілген. Нысанда жалпы қуаты 4 Гкал/сағ болатын үш қазандық орнатылған. Жылу желісінің ұзындығы 2,4 км құрайды. Жылу энергиясын жеткізуші – «Казтеплотрейд» ЖШС.
Қазіргі уақытта қазандықтан 14 жеке тұрғын үй, оның ішінде еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударған азаматтар тұратын 10 үй, сондай-ақ Киров көшесіндегі 4 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтамасыз етіледі.
Жылумен жабдықтау жүйесіне әлеуметтік сала және кәсіпкерлік нысандары да қосылған. Олардың қатарында ауылдық мәдениет үйі, ауыл әкімдігінің ғимараты, полиция ғимараты, сауда нысандары және техникалық қызмет көрсету станциялары бар.
Жылумен қамтамасыз етілетін нысандардың жалпы ауданы 9 725 шаршы метрді құрайды.
Аудан әкімі барлық дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырып, алдағы жылыту кезеңінде жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1271351?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау