Аяқ киім өнімдерін таңбалау жөніндегі кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
          2026 жылдың 4 тамызында Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысының орынбасары А.Шаймерденовтың төрағалығымен, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы М.Сатыбалдинның, акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Т.Болатбековтың қатысуымен, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ өкілі Е.Карабев Zoom бейнеконференция байланысы арқылы қатысып, өңірдегі аяқ киім өнімдерін өткізумен айналысатын салық төлеушілермен жұмыс кездесуі өткізілді.
          Кездесудің негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілеріне тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесіне қойылатын талаптарды түсіндіру, сондай-ақ тауар айналымының ашықтығын қамтамасыз ету жөнінде ақпарат беру болды.
          Кездесу барысында аяқ киім өнімдерін таңбалау және тауарларды қадағалау жүйесін қолдану тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Сонымен қатар таңбалау жүйесін қолданудың өзекті мәселелері талқыланып, қатысушылар пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1271640?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version