Маңғыстау облысы бойынша ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қалааралық облысаралық тұрақты автобус маршруттарының конкурсы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2026 жылғы 9 қыркүйекте Ақтау қ., 23 ш/а, № 40 ғимарат, № 210 кабинет мекен-жайы бойынша келесі маршруттардың конкурсы өтетіндігі туралы хабарлайды.

1-лот «Ақтау – Боранқұл – Ақтау» маршруты.

Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының» талаптарына сәйкес келетін автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер Басқармаға конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Ақтау қ., 23 ш/а №40 ғимараты, 217 кабинетке ұсынуы тиіс.

Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 26 тамыз.

Тел.: 8 /7292/ 31 90 70.      8 /7292/ 31 90 41. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-upt/press/news/details/1271548?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version