Облыс әкімдігінің ресми интернет-ресурстарында «Өз сайлау учаскеңізді табыңыз» онлайн сервисі іске қосылды. Ал Құрылтай сайлауы өтетін күні облыс бойынша 557 сайлау учаскесінде онлайн сервис тікелей қолжетімді болады. Әр учаскеге комиссияның 2 мүшесі бекітіліп, олар тіркеуіне күмәні бар азаматтардың мәліметтерін «электрондық үкімет» (eGov) порталы арқылы сол жерде-ақ тексеруге мүмкіндік пайда болады.
Сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін цифрлық шешімдер кеңінен қолданылуда. Сайлау күні азаматтардың өздерін тізімнен тексеруі үшін 557 онлайн-сервис, 22 шағын ХҚКО (мини-ЦОН), 18 жергілікті Call-орталық және «109» бірыңғай байланыс орталығы әзірленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1271306?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау