🔹Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан – жол жөндеу, тұрғын үй алу кезегі, апатты деп танылған ағаштар бойынша өтініш және өзге де әлеуметтік мәселелер айтылды. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары назарға алынып, әрбір мәселе бойынша заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілуде.
🔸Қабылдауға өңір басшысының орынбасары, қала әкімі, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс бөлімдерінің басшылары да қатысып отыр. Кездесу барысында көтерілген барлық өтініштер мен ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті жауапты мекемелерге жолданатын болды. Алдағы уақытта тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыстар, кезең-кезеңімен жасалады.
▪️ Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың назарына!
«Отбасы банкі» тарапынан тұрғын үй мәселесіне қатысты хабарлама кезекте тұрған азаматтарға жіберіледі. Тұрғын үй тек белгіленген тәртіп пен қолданыстағы ережелерге сәйкес, кезек ретімен беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1271842?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау