«Қауіпсіз үй»: ШҚО-да жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысы шығарылды
7–8 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсіз үй» ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Акцияның басты мақсаты — отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ тұрғын үй секторындағы құқықтық тәртіпті нығайту.
Іс-шараға ішкі істер органдарының қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдері қатарынан 253 адам жұмылдырылды. 114 автокөлік қатыстырылып, 285 рейд пен 1 667 аула аралау жұмыстары ұйымдастырылды.
Тексеріс барысында тәртіп сақшылары 467 жеке үйді, 836 пәтерді және 364 саяжайды аралады. Профилактикалық есепте тұрған азаматтар мен қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды бақылауға ерекше назар аударылды. 11 осындай мекенжай анықталып, барлық ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға дереу жолданды.
Іс-шара қорытындысы бойынша 184 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді.
Сондай-ақ кешенді жұмыс аясында нақты көмек көрсетуге басымдық берілді. Қиын жағдайға тап болған азаматтарға заңгерлік, медициналық және психологиялық көмек, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қоса алғанда, 33 мемлекеттік қолдау шарасы көрсетілді. Алты кәмелетке толмаған балаға қажетті қолдау ұйымдастырылды.
ШҚО Полиция департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және отбасылық амандықты қорғау мәселелері ішкі істер органдарының тұрақты бақылауында екенін және мұндай іс-шаралардың тұрақты түрде өткізілетінін еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1271744?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау