«Қауіпсіз жол» ЖПІШ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қауіпсіз жол»ЖПІШ

2026 жылғы 10-12 тамыз аралығында Қостанай облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Іс-шара барысында облыс жолдарында патрульдік экипаждардың саны арттырылып, жол қозғалысына бақылау күшейтіледі. Әсіресе апат қаупі жоғары учаскелерге, жол-көлік оқиғалары жиі болатын орындарға және жаяу жүргіншілер өткелдеріне ерекше назар аударылады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету, соның ішінде жаяу жүргіншілерді қағып кету фактілеріне жол бермеу.

Полиция қызметкерлері жылдамдық режимін, басып озу және маневр жасау ережелерін, қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын сақтауды бақылайды. Сондай-ақ көлік құралын мас күйінде басқарған жүргізушілерді анықтауға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Полиция барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтап, жолда барынша мұқият болуға шақырады. Жол қауіпсіздігі – әрқайсымызға байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1271150?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version