Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің негізгі функцияларының бірі халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды департаменттің әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен профилактикалық бақылау және қадағалау субъектілерінің тізбесі негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
Мемлекеттік бақылау шеңберінде 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыста жоспарланған барлық 15 объектіде Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізілді. Сондай-ақ азаматтардың өтініштері негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі мәселелері бойынша 2 жоспардан тыс тексеру өткізілді.
Тексерулердің нәтижесінде 27 заң бұзушылық анықталып, оларды жою туралы 14 нұсқама берілді.
Берілген нұсқамалардың орындалуы департаменттің тұрақты бақылауында.
Айта кету қажет, нұсқамаларды орындау мерзімі аяқталғаннан кейін департамент тарапынан жоспардан тыс бақылау тексерулері тағайындалады. Нұсқамалар орындалмаған жағдайда, департамент мамандары тексеру нәтижелері бойынша кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасап, заңнамада көзделген шараларды қабылдау үшін материалдарды әкімшілік сотқа жолдайды.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы, атап айтқанда мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеуді бұзу лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс бойынша Интерактивті қолжетімділік картасына 1575 объект енгізілді. Оның ішінде 1107 объект бейімделген, бұл Қолжетімділік картасына енгізілген объектілердің жалпы санының 70,2%-ын құрайды.
Департамент тұрақты негізде Интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген мәліметтердің дұрыстығына мониторинг жүргізеді.
Анықталатын негізгі кемшіліктер:
- объектілердің ішінара қолжетімділігі;
- объектілер туралы ақпараттың толық енгізілмеуі.
Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдар аталған сайтқа өз бетінше кіріп, өздеріне қажетті бейімделген объектілер туралы ақпаратты ала алады.
Бейнеролик келесі сілтеме бойынша қолжетімді:
https://youtu.be/QpMSNQrI–M?si=2LeoSwxLwsZF6cqH
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1271212?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау