Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтетінін хабарлайды.
Украина аумағында қолданыстағы әскери жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінде дауыс беруді өткізу мүмкін емес.
Өздерінің сайлау құқығын іске асыру мақсатында Украина аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Украинадан тыс орналасқан, дауыс беру ұйымдастырылатын жақын дипломатиялық өкілдіктерінің бірінде дауыс бере алады.
Елшілік азаматтарға алдын ала таңдалған дипломатиялық өкілдікпен байланысып, дауыс беруді ұйымдастыру тәртібін және сайлаушыларды қабылдау мүмкіндігін тікелей тиісті мекемеден нақтылауды ұсынады.
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі азаматтарға түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреді және оларды сайлауға қатысу жөніндегі конституциялық құқықтарын пайдалануға шақырады.
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kiev/press/news/details/1271879?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау