Қызылордада тәртіп сақшылары «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері белсенді қатысып, аумақты абаттандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты. Таңғы уақыттан бастап тәртіп сақшылары қажетті құрал-жабдықтарын алып, белгіленген аумақтарды тазалауға кірісті. Сенбілік барысында әкімшілік ғимараттар мен бөлімшелердің айналасы қоқыстан тазартылып, санитарлық жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ жасыл желектердің күтімі жасалып, аумақты көркейту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық орындардың көркін жақсартуға үлес қосу. Тазалықты сақтау – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, қызметкерлердің ұйымшылдығы мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1271096?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version