Резидентура-2026: осы аптада талапкерлер нені білуі маңызды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Денсаулық сақтау министрлігі талапкерлерге өтінішінің мәртебесін алдын ала тексеріп, конкурстық іріктеудің маңызды мерзімдерін өткізіп алмауды ұсынады

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылы резидентураға түсетін талапкерлерге өз өтінішінің мәртебесін мұқият тексеріп, конкурстық іріктеудің алдағы кезеңдерімен алдын ала танысуды ұсынады.

Талапкерлер алдағы іс-қимылдарын уақтылы жоспарлай алуы үшін негізгі мерзімдерді жариялаймыз.

Егер сіз республикалық бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатыссаңыз

10 тамыз сағат 18:00-ге дейін «Қаралуда» және «Толықтыруды қажет етеді» мәртебелеріндегі өтініштерді өңдеу аяқталады.

11 тамыз сағат 13:00-ге дейін алдын ала ретт еу жүргізіліп, нәтижелердің жалпы тізімі жарияланады.

Апелляция беруге негіз болған жағдайда, өтінішті 12 тамыз сағат 13:00-ге дейін беруге болады.

Республикалық апелляциялық комиссия келіп түскен өтініштерді 13 тамыздан бастап 14 тамыз сағат 12:00-ге дейін қарайды.

14 тамыз сағат 13:00-ге дейін қорытынды реттеу жүргізіліп, соңғы нәтижелерді жариялау жоспарлануда.

Егер сіз республикалық бюджеттің есебінен конкурсқа өтпеген болсаңыз

Бұл резидентураға түсу мүмкіндіктері таусылды дегенді білдірмейді.

Талапкерлер жергілікті бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы (ЖАО гранттары) бойынша конкурсқа қатыса алады.

Өтініштерді қабылдау 12-17 тамызды қоса алғанда жүргізіледі.

18 тамызда реттеу нәтижелері жарияланады.

Сондай-ақ ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі сақталады. Өтініштерді қабылдау 25 тамызға дейін, ал реттеу нәтижелерін 27 тамызға дейін жариялау жоспарланған.

Қазір не істеу маңызды

Өтінішіңіздің мәртебесін тексеріп, конкурс нәтижелері мен одан кейінгі кезеңдер туралы ресми ақпаратты қадағалаңыз.

Егер сіз бір кезеңде конкурсқа өтпей қалған болсаңыз, келесі қолжетімді мүмкіндікті алдын ала қарастырыңыз — жергілікті бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысына немесе ақылы оқуға қатысу — және қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде тапсырыңыз.

Денсаулық сақтау министрлігі конкурстық рәсімдердің белгіленген мерзімдерде өткізілуін қамтамасыз етеді.

Қазір ең бастысы — белгіленген мерзімдерді өткізіп алмау және резидентураға түсу үшін көзделген барлық мүмкіндікті пайдалану.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/1271459?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version