Сарапшылар: Абайдың шығармашылығы қоғам үшін әлі күнге дейін өзекті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай Құнанбаевтың идеяларын айтқанына 100 жылдан астам уақыт өтті. Қазір бұл идеяларының қаншалықты өзекті екені жиі талқыға салынады. Абай сынды тұлғалардың ойы, өлеңдері, қара сөздерінде айтқан тұжырымдамалары әр заман үшін өзекті. Түркология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Оның айтуынша, қазір ХІХ ғасырда Абайдың қазақ қоғамы туралы айтқан ойларын XXI ғасырда да қолдануға болады.

«Қарап отырсақ, Абайдың адамдардың мінез-құлқы, әлеуметтік қарым-қатынастар туралы айтқаны әлі де шындыққа ұласады. Мұндай құбылысқа Еуропада өте жақсы баға берілді. Бұл – генеративті сипаттағы идея. Бүгінде Абай бізге өте керек. Әсіресе, әлеуметтік қарым-қатынасымызда. Қаншалықты біз-бірімізге әділетті, шынайы болып жүрміз. Алыс-беріс заманында психологиямызды өзгертіп жіберген жағдайлар, қоғамда адамның мінез-құлқы дене сияқты. Мұның себептерін Абайдың шығармашылығынан табамыз. Осыны зерттеудің аспектілері қалай болуы керек? Тәуелсіздік алғаннан бері Абай туралы жүздеген монография, мақалалар жарық көрді. Абай туралы зерттелмеген тағы не қалды деген сұрақ туындауы мүмкін. Сол себепті теорияға негізделген зерттеулерді әлі де жазуымыз керек», – деді спикер.

Ал, РһD, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақстан әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жанбота Кәріпбаевтің пікірінше, Абайдың қолжазбалары студенттердің білім алуына зор ықпалын тигізіп отыр. Қазір Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында Абай қолжазбаларының көшірмелері сақталған. Мұнда 60-қа жуық жинақ қамтылған. ҚазҰУ Абайтануға байланысты 40 томға жуық зерттеулерді жариялады. Абай академиясы да 100-ге жуық тың зерттеуді қосты.

«Абайтану оқулары дәстүрлі түрде жылда жаз айларында Абай облысында өтеді. Оның жеңімпаздарына арнайы грант бөлінеді. Кейін олар филология факультеттерінде білім ала алады. Бірқатар жеңімпаз бізде оқиды. Лауреаттар тек бакалавриатты бітіріп қана қоймай, докторлық диссертацияларын да қорғайды. Мектептен келген оқушылар Абайдың өлеңдерін жатқа біледі», – деді спикер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kazcik/press/news/details/1271763?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version