Сарысу ауданында судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан шомылу орындары мен бассейндерде судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында демалушыларға су айдындарында өзін-өзі ұстау қағидалары түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптары жазылған жадынамалар таратылды. Мамандар азаматтарға тек рұқсат етілген орындарда шомылу, балаларды қараусыз қалдырмау, мас күйінде суға түспеу және қауіпсіздік белгілерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Сонымен қатар бассейн әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алу және алғашқы көмек көрсету тәртібі бойынша ұсыныстар берілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1271105?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version