Шығыс Қазақстан облысында 11 өрт тіркеліп, оның салдарынан 150 тоннадан астам шөп отқа оранды.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау мамандарының көпжылдық мониторингі барысында өрттің туындауына себеп болатын негізгі жағдайлар анықталды. Олар: отпен абайсыз жұмыс істеу, сондай-ақ өрт сөндіргіштермен және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталмаған техниканы пайдалану.
Шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен бірлесіп рейдтер өткізу барысында инспекторлар егжей-тегжейлі нұсқамалар жүргізеді. Егіс алқаптарындағы жұмысшыларға өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар беріліп, өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі және өрт сөндірудің алғашқы құралдарын пайдалану ережелері түсіндіріледі.
Шөпті сақтап қалу мақсатында ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді:
Далалық жұмыстарға тартылған барлық жұмысшылар өртке қарсы нұсқамадан өтуі тиіс.
Шөп шабу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт болған жағдайда жану аумағын оқшаулау үшін соқа (плуг) тіркелген тракторды пайдалану ұсынылады. Өрт сөндіру құралдары: кемінде 5 м³ болатын арнайы бейімделген техника немесе тіркемелі сыйымдылық, өрт сөндіргіштер, күректер және өрт сөндіру қалақшалары (хлопушкалар) болуы тиіс.
Шөп маялары электр беру желілерінен кемінде 15 метр, автомобиль жолдарынан кемінде 20 метр, ал ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта орналастырылуы тиіс.
Мыналарға тыйым салынады:
1. қоралардың және басқа да шаруашылық құрылыстарының шатырларына мая, шөмеле, бума шөптерді және басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жинауға;
2. электр беру желілерінің астына орналастыруға;
3. учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта орналастыруға.
Өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1271883?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау