ТАЛҒАР АУДАНЫНДА ПОЛИЦИЯ МЕН ЖУРНАЛИСТЕР БІРЛЕСІП ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 тамызда Талғар ауданының полиция қызметкерлері журналистермен бірлесіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында 238 әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 114 қоғамдық тәртіпті бұзу фактісінің жолы кесілді. Олардың қатарында қоғамдық орында мас күйінде болу, тыныштықты бұзу, ұсақ бұзақылық, абаттандыру талаптарын бұзу, стихиялық сауда және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру фактілері бар.

Сонымен қатар Жол қозғалысы ережелерін бұзудың 124 фактісінің жолы кесілді. 10 көлік құралы арнайы тұраққа қойылып, 8 мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды. Қабылданған шаралар құқық бұзушылықтардың жолын дер кезінде кесіп, жол қозғалысына қатысушылар үшін ықтимал қауіп-қатерлерді азайтуға мүмкіндік берді.

Полиция құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1271376?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version