Бүгін Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық акция өтті.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері кәсіпкерлермен бірлесіп, жол қозғалысына қатысушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимінен аспау, қауіпсіздік белдігін тағу және көлікті мас күйінде басқармау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар жүргізушілерге жолда қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде ақпарат беріліп, ыстық күнде сергіп алу үшін салқындатылған ауызсу таратылды.
Полиция қызметкерлері жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – адам өмірін қорғаудың және жол-көлік оқиғаларының алдын алудың басты шарттарының бірі.
Полиция азаматтарды жолда мұқият болуға, белгіленген талаптарды сақтауға және жол қозғалысы мәдениетін бірге қалыптастыруға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1271373?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау