ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И.Скубтың төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің қатысуымен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен онлайн форматта жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының сақталуы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін ұстануы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу мәселелері жан-жақты қаралды.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қарау сапасын арттыру және заңнамада белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін өтініштерді уақтылы қарау, аталған бағыттағы жұмысты жетілдіру мәселелері талқыланды.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау, азаматтардың өтініштерін сапалы әрі мерзімінде қарауды қамтамасыз ету және қызметтік тәртіпті күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1271194?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау