Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына орай Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері аудандық орталық кітапханада ұйымдастырылған «Абай алаңы» атты көрмемен танысты.
Іс-шара барысында қызметкерлер ұлы ақынның өмірі мен бай шығармашылық мұрасына арналған кітаптармен, тарихи және танымдық материалдармен танысты.
Көрмеде Абайдың білім, ғылым, еңбек, адамгершілік, әділдік және рухани даму туралы тағылымды ойлары мен шығармалары кеңінен насихатталды. Ғасырлар өтсе де өзектілігін жоғалтпаған ақынның даналық сөздері бүгінгі ұрпақ үшін де маңызды рухани бағдар болып қала береді.
Осындай мәдени-танымдық іс-шаралар Абайдың мол рухани мұрасын кеңінен насихаттауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жастардың тарих пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға және өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға ықпал етеді.
Абай мұрасы – ұлттың баға жетпес рухани қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өшпес өнеге.
Мұнайлы ауданы полиция бөлімі
https://www.instagram.com/reel/Db3jPDXKrk_/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1272303?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау