Әлихан Бөкейхан ауданында кәсіпкерге қатысты заңсыз тексерудің күші жойылды
Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді.
Қадағалау қызметінің нәтижесінде азық-түлік өнімдерін өткізумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты заңнамада көзделген негіздерсіз тексеру жүргізілгені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған тексеру заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Кінәлі лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, олардың қызметіне заңсыз араласу фактілерінің жолын кесу бойынша жүйелі шаралар қабылдауда.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар тарапынан заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактілері орын алған жағдайда кәсіпкерлер аудан прокуратурасына 8 (707) 989-28-59 телефоны арқылы жүгіне алатынын еске саламыз.
Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/otdel-selhoz-karagandy/press/news/details/1272447?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау