Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар абаттандыру, тұрғын үймен қамту, әлеуметтік қолдау, жасыл желектерді суару, аулаларды күтіп ұстау және инженерлік желілерге қатысты мәселелерін көтерді.
Әрбір тұрғынның өтініші жеке қаралып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, бірқатар мәселені бақылауға алды.

Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындармен тікелей кері байланысты қамтамасыз етіп, өзекті мәселелерді жедел қарастыруға мүмкіндік беретін маңызды жұмыс бағыттарының бірі.

Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін:
– «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беру;
– немесе Әуезов ауданы әкімі аппаратына Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайы бойынша келіп, қабылдауға жазылуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1272528?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version