Алматыда инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылау күшейтіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда инвестициялық жобалардың іске асырылуының барлық кезеңінде олардың өту барысына бақылау күшейтіледі. Тиісті тапсырманы қала әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлар үшін әкімшілік кедергілерді жою мәселесі жөніндегі кеңесте берді.

Кеңес барысында бұған дейін Өңірлік инвестициялық штаб мақұлдаған жобалар қаралды. Негізгі назар мемлекеттік қызметтер мен келісімдерді алу кезінде туындайтын жайларға аударылды.

«Almaty Invest» басқарма төрағасы Қайрат Бекеновтің айтуынша, жүргізілген талдау нәтижесі бойынша кідіріс көбіне жер қатынастары, сәулет-қала құрылысы рәсімдері және инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар алу мәселесін шешу кезінде туындайды.

Алматы әкімі мемлекеттік органдар арасындағы жауапкершілікті нақты бөлуді, іске асырудың нақты мерзімін айқындауды және қабылданған шешімнің орындалуына тұрақты бақылау орнатуды тапсырды.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге арналған цифрлық платформаның жұмысы да жеке қаралды. Алдағы уақытта оны енгізу жалғасып, платформаны қала бюджеті есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік және стратегиялық нысандарды сүйемелдеу үшін пайдалану мүмкіндігі пысықталмақ.

Алматы әкімі инвестициялық жобаларды уақтылы іске асырудың қаланың экономикалық дамуы үшін тікелей маңызы бар екенін атап өтті. Бұл — жаңа өндірістер мен инфрақұрылым нысандарын құруға, туризм және қонақүй индустриясын, қызмет көрсету саласын дамытуға, сондай-ақ қаланың салық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1272408?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version