2026 жылғы 11–13 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің Threads платформасындағы ресми парақшасында «Бізден сұраңыз. Біз жаныңыздамыз» атты онлайн-акция өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қиын жағдайға тап болған адамдарға қажетті көмек пен кеңес көрсету.
Бүгінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне заңмен тыйым салынған. Өйткені отбасы – қоғамның негізі, ал берік әрі тату отбасы – еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды тірегі.
Онлайн-акция барысында азаматтар отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін қалдыра алады. Барлық өтініштер міндетті түрде қаралады.
Сұрақтарға отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері жауап беріп, қажетті құқықтық және практикалық кеңес береді. Қажет болған жағдайда мамандар азамат көрсеткен мекенжайға барып, тиісті көмек көрсетеді.
Акцияға барлық азаматтар қатыса алады. Бұл – өзекті мәселелерді ашық талқылауға және құқық қорғау органдарының мамандарынан тікелей кеңес алуға мүмкіндік беретін алаң.
Егер Threads платформасына кіру немесе пайдалану бойынша қиындық туындаса, экранда оны пайдалану тәртібі кезең-кезеңімен көрсетілген нұсқаулықпен танысуға болады.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеу – баршамызға ортақ міндет. Өз құқығыңызды біліп, қажет болған жағдайда көмек сұраудан тартынбаңыз.
«Бізден сұраңыз. Біз жаныңыздамыз».
https://www.instagram.com/p/Db4y8fJMp-K/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1272317?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау