БҚО облыстық бюджеті. 2026 жылғы 1 тамыздағы қысқаша шолу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   2026 жылға облыстық бюджеттің шығыстар/түсімдер бойынша жылдық көлемі 519,2 млрд. теңге (2025 жылға – 484,8 млрд.теңге сомасында бекітілді) немесе бюджеттің 7,1% өсуімен бекітілді. Нақтыланған бюджет – 525,2 млрд. теңге

   2026 жылға арналған кірістер бойынша облыстық бюджеттің жылдық көлемі 380,1 млрд. теңгеге  бекітілді, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша – 90,9 млрд.теңге (2025 жылы салықтар – 117,2 млрд. теңге). Нақтыланған бюджет – 381,8 млрд. теңге

   2026 жылдың 1 тамызға облыстық бюджеттің шығыстары  262,9 млрд. теңгеге немесе жоспарға 89,2% игерілді.

   2026 жылы республикалық бюджет алдындағы борыштық міндеттемелерді өтеудің нақтыланған көлемі – 9,1 млрд.теңге. 1 тамызға 6,6 млрд. теңге өтелді. 

   2026 жылдың 1тамызына облыстық бюджеттің кірістері бойынша атқарылуы  211,5 млрд. теңге немесе жоспарға 89,8% құрады.

   Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер түсімдерінің жылдық көлемі 185,9 млрд.теңгеден бекітілді (2025 жылға – 325,8 млрд. теңге), соның ішінде субвенциялар – 173,6 млрд. теңге, ағымдағы нысаналы трансферттері – 4,8 млрд. теңге, нысаналы даму трансферттері – 7,4 млрд. теңге. 1 тамызға 117,3 млрд. теңге түсті.

   2026 жылғы қаңтар-шілдеде облыстық бюджетке нақты салық түсімі  44,9 млрд. теңгені немесе 64,2% құрады (2025 ж. қаңтар-шілде: 77,0 млрд. теңге). 1 тамызға арналған аудан\қала бюджеттерінен облыстық бюджет кірісіне бюджеттік алып қоюлар 39,7 млрд. теңге сомасында түсті.

    Республикалық бюджеттен қарыздар түсімі 13,0 млрд. теңге сомасында бекітілді.  1 тамызға – 5,5 млрд. теңге түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karzhy/press/news/details/1271978?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version