Дрондар – қоғамдық тәртіп сақшылары: полиция қауіпсіздікті бақылаудың заманауи тәсілдерін қолдануда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының полициясы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде беспилотты ұшу аппараттарын тиімді пайдаланып келеді.

Дрондар арқылы полицейлер жол қозғалысы ережелерінің сақталуын ғана емес, сонымен қатар тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылайды. Әуеден жүргізілетін мониторинг нәтижесінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері және қоғамға жат мінез-құлық танытатын адамдар анықталады.

Анықталған құқық бұзушылықтар туралы ақпарат жақын маңдағы полиция жасақтарына жедел жеткізіліп, олар тиісті шаралар қабылдайды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетов дрондарды қолдану полиция жұмысының жеделдігін арттырып, бақылау аумағын кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бүгінде беспилотты технологиялар жол қозғалысын бақылаумен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін де қолданылуда. Дрондар үлкен аумақты бір уақытта бақылауға және құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Әсіресе тұрғын үйлердің аулаларында бұл технологияның тиімділігі жоғары. Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықталған жағдайларға жедел ден қою. Заманауи технологиялар азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Ардана Саймағамбетов.

Полиция департаментінде дрондар жаяу және автопатрульдердің жұмысын толықтырып, полиция күштері мен құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қауіпсіз аула, қауіпсіз көше және қауіпсіз жол – баршаға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1272458?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version