Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры лауазымына конкурс жариялайды
Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Төлеби су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директоры – 1 бірлік.
Конкурс өткізілетін орын: 161100, Түркістан облысы,Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Бектайұлы көшесі 80 үй, 2 қабат, байланыс телефоны 8(72547) 5-94-12, эл. адрес: tol_osh@mail.ru
Конкурс өткізетін мекеме: «Төлеби ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Кәсіпорынның қызметі: Аудан аумағында ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстары.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорынының бейініне сәйкес басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурс өткізу мерзімі: Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкус өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тізілімнің веб-порталында рәсімделген және ЭЦК пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын,білімі,зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрығы негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу мына мекенжай бойынша өтеді: Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Бектайұлы көшесі 80, 2 қабат.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1272030?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау