Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Ержан Мыңжасаров ұжымға Комитет төрағасының жаңа орынбасары Олжас Нукаевты таныстырды.
Олжас Нукаев 1985 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қаржы академиясында қаржы магистрі дәрежесін алған.
Олжас Нукаев мемлекеттік аудит жүйесінде 2011 жылдан бері еңбек етіп келеді. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының ревизоры қызметінен бастап, аумақтық департаментте және Ішкі мемлекеттік аудит комитетінде басшылық лауазымдарға дейінгі қызметтік сатылардан өтті.
Жаңа лауазымында мемлекеттік аудитті цифрлық дамыту және талдау мәселелеріне, сондай-ақ SMART AUDIT QAZAQSTAN (SAQ) жобасын енгізуді қоса алғанда, стратегиялық бастамаларды іске асыруға жетекшілік ететін болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvga/press/news/details/1272156?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау