Медициналық әлеуметтік сараптама дегеніміз және оның негізгі міндеттері мен шаралары.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Медициналық әлеуметтік сараптама дегеніміз және оның негізгі міндеттері мен шаралары
 
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік Кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының 22 абзацына, сондай-ақ “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық-әлеуметтік МӘС – мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілей отырып (белгілемей), организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған куәландырылатын адамның тіршілік-тынысының шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.
Жас мөлшеріне қарай организмде пайда болатын өзгерістер мүгедектік тобын белгілеу үшін негіздеме болып табылмайды.
Организм функцияларының тұрақты бұзылып, денсаулығының бұзылу салдарынан-организм адамның тіршілік-тынысының шектелу дәрежесі (адамның өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен жүріп-тұру, бағдарлану, қарым-қатынас жасау, өзінің мінез-құлқын бақылау, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе ішінара айырылуы); әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыру қажеттігі негіздеме болып табылады. Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін, анатомиялық кемістіктері бар адамдарды, 21-хромосома бойынша трисомиямен (Даун синдромы), организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын паллиативті көмек алатын ауруларды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді. Адамды мүгедектігі бар адам деп тану үшін мынадай бірнеше міндетті шарттардың бір мезгілде болуы: осыған байланысты тіршілік-тынысының, оның ішінде еңбек ету қабілетінің шектелуі дәрежесіне қарай мүгедектігі бар адамдар деп танылған адамға бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектік, жеті жасқа дейінгі адамға “мүгедектігі бар бала” санаты, ал жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі адамға бірінші топтағы мүгедектігі бар бала”, “екінші топтағы мүгедектігі бар бала”, “үшінші топтағы мүгедектігі бар бала” санаттары белгіленеді.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау – мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету, оңалту, мүгедектігі бар адамның тұрмыстық, қоғамдық, кәсіптік және өзге қызметке қабілетін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені, олардың қоғамға етене араласуы, қарастырылған.
Қорытындылай келе-адамның денсаулығы мен өмір сүру сапасына әсер ететін маңызды әлеуметтік медициналық мәселе. Уақтылы емделу, алдын алу шараларын сақтау және оңалтуды тиімді жүргізу адамның өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және дер кезінде ем қабылдау – әр адамның өмір сапасын жақсартудың маңызды жолы.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті» № 6 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Папенов Алижан Исматуллаұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1272110?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version