Мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру және маусымдық мәзірді жетілдіру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру және маусымдық мәзірді жетілдіру мәселелері талқыланды

Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақылбекова Г.Б. «Атамекен» Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған кеңеске қатысты.

Кездесу барысында «Бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығы» заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің республикалық бірлестігінің вице-президенті Лаптева М.В.-ның білім беру ұйымдарында білім алушыларды Тамақтану стандартының талаптарына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өтініші қаралды.

Сондай-ақ 2026–2027 оқу жылына арналған Павлодар облысы мектептерінің перспективалық төрт апталық маусымдық мәзірін қайта қарау мәселесіне ерекше назар аударылды.

Кеңеске қатысушылар мектеп оқушыларын сапалы әрі теңгерімді тамақтандыруды қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ маусымдық мәзірді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1272461?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version