2026 жылғы 5 тамызда мобильді фронт-офис Тайынша ауданына барып, аудан кәсіпкерлері мен тұрғындарымен кездесу өткізді.
Көшпелі кездесуге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалының, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Атамекен Қызылжар» МҚҰ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері таныстырылып, жеңілдетілген несиелеу, микрокредит беру, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ өз ісін ашу және дамыту мәселелері бойынша жан-жақты консультациялар берілді.
Мобильді фронт-офис кәсіпкерлерге қажетті ақпарат пен білікті консультацияларды өңірлерде қолжетімді ету бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1272024?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау