Монша мен саунаға барған кездегі халыққа арналған ұсынымдар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Монша, сауна және бассейн – бұл қоғамдық орындар. Ылғалды әрі жылы ортада паразиттер, саңырауқұлақтар мен бактериялар белсенді көбейеді. Терідегі ұсақ жаралар мен жеңіл жарақаттар арқылы инфекция теріге еніп кетуі мүмкін.

Өзіңізді жұқпалардан қалай қорғауға болады:

  • жеке резеңке аяқ киіміңіз болуы қажет;
  • денсаулық жағдайыңыз нашар болғанда (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тұмау, тері бөртпелері, іш өту және т.б.) моншаға бармаңыз;
  • жеке бас гигиенасын сақтаңыз;
  • тек жеке заттарыңызды пайдаланыңыз: сүлгі, тәпішке, орамал, жөкелеуіш, бас киім;
  • бу бөлмесіне кірмес бұрын міндетті түрде сабынмен душ қабылдаңыз;
  • тығыз қарым-қатынастан және қатты сөйлеуден аулақ болыңыз, әсіресе ылғалдылығы жоғары бөлмелерде — аэрозоль арқылы вирустар таралуы мүмкін;
  • ортақ қолданыс заттарымен (есік тұтқалары, крандар, шкафтар және т.б.) байланыстан кейін антисептик қолданыңыз немесе қолыңызды сабынмен жуыңыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1272452?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version