Қазақстандық жастардың 82,7%-ы болашаққа оптимизммен қарайды – ҚР Мәдениет министрлігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12 тамызда бүкіл әлемде Халықаралық жастар күні атап өтіледі. Бүгінде басты міндет – жастардың өз күш-жігерін, білімін және ұмтылысын дәл осы Қазақстанда жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жағдай жасау. Соңғы жылдары бұл бағытта жастар саясатының жүйесі едәуір жаңартылды. Жастардың жоғарғы жас шегін 35 жасқа дейін ұлғайту мемлекеттік қолдаумен қамту аясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазір мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа Конституция ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркіндігінің, ұлттық мәдениет пен отбасын қолдаудың кепілдіктерін күшейтті. Сондай-ақ алғаш рет волонтерлік қызметке конституциялық деңгейде қолдау көрсетілді.

«Алайда ең маңыздысы – жұмыс жүргізу философиясының өзі өзгеріп келеді. Біз жастарды қолдау саясатынан мүмкіндік жасау саясатына көштік. «Жастар үшін» қағидатынан «жастармен бірге» қағидатына бет бұрдық», – деді Евгений Кочетов.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өзекті зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандық жастардың 82,7%-ы ел болашағына алаңсыз, сеніммен және оптимизммен қарайды.

«Бұл – қоғам үшін үлкен капитал. Алайда біздің міндетіміз – осы оптимизмнің нақты өмірлік мүмкіндіктермен нығайтылуын қамтамасыз ету: сапалы білім алу, лайықты жұмыс табу, баспана алу, өз ісін ашу, талантын жүзеге асыру және мемлекет тарапынан қолдау табу», – деп атап өтті вице-министр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ile-kazcik/press/news/details/1272417?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version