Рентгенологиялық зерттеулердің адам денсаулығына әсері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Рентгенологиялық зерттеулер – көптеген ауруларды ерте анықтауға, нақты диагноз қоюға және емдеу тактикасын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін заманауи диагностиканың маңызды әдістерінің бірі.

 

Рентген сәулелері иондаушы сәулеленуге жатады. Сондықтан мұндай зерттеулер тек медициналық көрсетілімдер бойынша және дәрігердің жолдамасымен жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығымен бекітілген «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес медициналық сәулелену кезінде пациенттердің және медицина қызметкерлерінің радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетті болып табылады.

 

Қазіргі заманғы цифрлық рентген аппараттары жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік бере отырып, сәулелену дозасын барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Бір реттік диагностикалық рентгенологиялық зерттеу нәтижесінде алынатын сәулелену дозасы, әдетте, денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндірмейді. Алайда қажетсіз немесе жиі қайталанатын зерттеулерден аулақ болған жөн.

 

Жүкті әйелдерге, әсіресе жүктіліктің алғашқы кезеңінде, рентгенологиялық зерттеулер тек өмірлік маңызды көрсетілімдер болған жағдайда және барлық қорғаныш шаралары сақталған кезде жүргізіледі. Балаларға рентгенологиялық зерттеулер де тек медициналық қажеттілік болған жағдайда ғана тағайындалады.

 

Азаматтарға бұрын жүргізілген рентгенологиялық зерттеулер туралы ақпаратты дәрігерге хабарлап отыру ұсынылады. Бұл қажетсіз қайталама зерттеулердің алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Рентгенологиялық зерттеулерді медициналық ұйымдарда белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізу – пациенттердің де, медицина қызметкерлерінің де радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1272380?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version