Шымкентте полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында қозғалыс кезінде отшашу атып, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзған той кортежінің қатысушыларын тоқтатты.
Жолдағы мұндай қауіпті әрекеттер өзге көлік жүргізушілері мен қозғалыстың басқа да қатысушыларына қауіп төндірсе, түнгі уақытта атылған пиротехникалық құралдар қала тұрғындарының тыныштығын бұзған.
Құқық бұзушыларға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Үш автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Сот шешімімен кортеждің екі қатысушысы 8 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Полиция мерекелік іс-шаралардың заң талаптарын сақтамауға себеп болмайтынын ескертеді. Жол қозғалысына қауіп төндіретін немесе қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекетке құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1272441?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау