10 күн – 10 мүмкіндік жобасы аясындағы Тіл фестивалінің төртінші күні Til-Talk тренинг-семинарына арналды.
Тіл – ұлт пен ұлысты жақындастыратын алтын көпір. Осы орайда ұйымдастырылған тағылымды басқосуға түрлі этнос өкілдері қатысып, қазақ тілін меңгеру жолындағы ізденістері мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар қазақ тілін үйрену барысында кездескен қиындықтар, алғашқы қадамнан бастап еркін сөйлеуге дейінгі ізденіс жолы туралы ойларын ортаға салды. Әрқайсысының тіл үйренуге деген талпынысы мен табандылығы өзгелерге де жігер беріп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасады.
Тренинг барысында қазақ тілінде сөйлеуден қорықпау, қателесуден қысылмау, өз ойын еркін әрі сауатты жеткізу жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар түрлі қызықты тапсырмалар орындап, қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдірді.
Тілді үйрену – бір күндік іс емес, үздіксіз ізденіс пен табандылықты қажет ететін рухани сапар. Ал сол сапардың ең маңызды қадамы – қорқынышты жеңіп, қазақша сөйлеуге деген батыл ниеттен басталады.
Тілге деген құрмет – елге деген құрмет. Қазақ тілін бірге үйреніп, бірге сөйлейік!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау