ЖАБДЫҚТАУ, ОҚЫТУ, АҚПАРАТТАНДЫРУ: ОСК ТӨРАҒАСЫ АСТАНАДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров инспекциялық сапар аясында Астана қаласындағы бірқатар сайлау учаскелеріне барып, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындық барысымен танысты.

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Астана қаласының сайлау инфрақұрылымының дайындығын, сайлау комиссиялары жұмысының ұйымдастырылуын, азаматтарды ақпараттандыру деңгейін, сондай-ақ сайлау құқықтарын іске асыру үшін қажетті жағдайлардың жасалуын тексерді.

Сайлау учаскелерін тексеру барысында қазіргі уақытта Астана қаласында сайлаушылармен кездесулер өткізуге арналған 57 орын дайындалғаны атап өтілді. Саяси партияларға үгіт материалдарын орналастыру үшін арнайы бөлінген 85 ақпараттық стенд ұсынылған.

Елордада сайлауды өткізуге 524 сайлау комиссиясы жұмылдырылады, олардың құрамына 4 263 сайлау комиссиясының мүшесі бар. 520 сайлау учаскесі, оның ішінде 117 уақытша сайлау учаскесі дайындалды. Барлық учаскелер қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру күнінде онлайн-сервистер қолжетімді болады. Бұдан бөлек, сайлау күні 30 шағын ХҚКО іске қосылады деп жоспарлануда.

Инспекциялық сапар аясында Нұрлан Әбдіров №100, 104, 105, 323 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты.

Сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту

 

Осы күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғимаратында сайлау комиссияларының 474 мүшесіне арналған оқыту семинары өтті.

Семинарға қатысушылар сайлау заңнамасы нормалары және оларды қолдану практикасы бойынша білімдерін жаңартты. Сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиясының электоралдық науқанның барлық кезеңдеріндегі жұмысын ұйымдастыру тәртібі, дауыс беру күніндегі рәсімдер және қажетті құжаттарды ресімдеу қағидалары қаралды.

Оқыс және даулы жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмдеріне, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің тиімді коммуникация орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

Азаматтарды ақпараттандыру – басты назарда

Сапар аясында Астана қаласының мемлекеттік органдары өкілдерімен және аумақтық сайлау комиссияларының мүшелерімен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңесте алдағы сайлау туралы халықты ақпараттандыру және дауыс беру күні жұмысты сапалы ұйымдастыру шараларына ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу, өз сайлау учаскесін іздеу, учаскеден тыс жерде дауыс беру, call-орталықтардың жұмысы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

 «Барлық мүдделі тараптардың өкілдерін инженерлік инфрақұрылым мен интернет желісінің үздіксіз жұмыс істеуінің маңыздылығына назар аударуға шақырамын. Сонымен қатар, сайлау учаскелерін талаптарға сәйкес жабдықтап, мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық қажетті жағдайды жасау қажет», – деді Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласындағы сайлау учаскелерінің дайындығын тексерген болатын. Сонымен қатар, еліміздің өңірлерінде ОСК-ның басқа да мүшелері жұмыс жүргізуде. Мұндай жұмыс сапарлары еліміздің барлық облыстарындағы сайлау учаскелерін қамтиды және 17 тамызға дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/election/press/news/details/1272514?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version