Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды Агенттіктің атынан деген желеумен жалған құжаттарды тарату жағдайлары туралы ескертеді.
Атап айтқанда, Агенттіктің азаматтарға ақшалай қаражатты қайтару рәсімі, криптовалюта биржаларында, криптоәмияндарда және банк карталары бойынша транзакцияларды тексеру, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару бойынша заңды және (немесе) өзге де қызметтер көрсететін тұлғаның сенімділігін растау туралы дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттың таратылуы анықталды. Таратылатын құжат Агенттіктің ресми құжаты болып табылмайды, онда қамтылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Агенттік алаяқтық немесе өзге де операциялар нәтижесінде жоғалған ақшалай қаражатты азаматтарға қайтару жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырмайды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі қызметтерді ұсынатын үшінші тұлғалардың сенімділігін растамайды.
Осыған байланысты Агенттік азаматтарды Агенттіктің немесе басқа мемлекеттік органдардың атынан құжаттар, хаттар мен хабарламалар алған кезде қырағы болуға шақырады. Бейтаныс тұлғалардың талаптары бойынша ақшалай қаражатты аударуға, сондай-ақ дербес деректерді, банк карталарының деректемелерін, SMS-кодтарды, құпиясөздерді және өзге де құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
Осындай құжаттарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қайтару сылтауымен комиссияларды, сақтандыру жарналарын немесе өзге де төлемдерді төлеу туралы талаптарды алған кезде төлемдерді жүзеге асырмауға және құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береміз.
Агенттіктің қызметі туралы ресми ақпарат Агенттіктің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1272203?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау