«Жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына енгізіліген өзгерістер» туралы
Жеке көмекші қызметтерін көрсетуге байланысты қатынастарды рәсімдеу кезінде құқықтық белгісіздікті болдырмау мақсатында Министрлік мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекші қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық қабылдады.
Бүгінгі таңда:
– жеке көмекші қызметін ақылы көрсетуге арналған үшжақты үлгілік шарт бекітілді;
– азаматтық-құқықтық қатынастар шеңберінде төлем нақты көрсетілген алып жүру қызметінің көлеміне қарай жүзеге асырылады.
Қызмет құны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес нақты көрсетілген қызмет көлеміне қарай айқындалады. Ақы төлеуді жергілікті атқарушы орган әлеуметтік қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген баға шегінде жүзеге асырады. Төлем жасауға көрсетілген қызметтер актісі негіз болып табылады.
Өнім беруші жеке көмекші қызметін көрсету процесін ұйымдастырады және өтініш берушіге тәуелді болмайды. Қызмет көрсету уақыты, кезеңділігі мен тәсілі тараптардың өзара келісімімен айқындалады. Қызмет нақты көрсетілген сәттен бастап орындалды деп есептеледі және көрсетілген қызметтер актісімен расталады.
Өнім беруші:
– Қызметтерді Абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес сапалы әрі уақытылы көрсетуге;
– Қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушіні хабардар етуге;
– Көрсетілетін қызметтің сапасын қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш беруші:
– Қажетті ақпаратты ұсынуға;
– Дәлелді ескертулер болмаған жағдайда көрсетілген қызметті қабылдауға міндетті.
Сонымен қатар өтініш беруші:
– өнім берушімен келісіп қызмет көрсету уақытын айқындауға;
– көрсетілген қызметтердің нәтижесін бағалауға;
– қызмет сапасына немесе көлеміне қатысты негізді шағым болған жағдайда актіге қол қоюдан бас тартуға;
– өнім берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға;
– шартқа қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Жергілікті атқарушы орган кепілдік берілген баға шегінде жеке көмекші қызметіне ақы төлеуге міндетті. Сондай-ақ қажетті ақпаратты ұсынуға, қызмет көрсету көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыруға және заңнамада көзделген жағдайларда шартқа қол қоюдан бас тартуға құқылы.
Өнім беруші көрсеткен қызметтер:
– Шарт талаптарына қайшы көрсетілген болса;
– Абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасыда жеке көмекші қызметін көрсету жөнінде ұсыным болмаған жағдайда өтелмейді.
Жергілікті атқарушы органдар шарттарды жаңадан тартылатын жеке көмекшілермен қатар, қазіргі уақытта қызмет көрсетіп жүрген жеке көмекшілермен де жасасады. Шарттарды жасасу ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы тиіс. Шартта оның 2026 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енетіні көрсетілуі қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-uko/press/news/details/1272129?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау