Жастық шақ – арманға қанат бітіріп, үлкен мақсаттарға жол ашатын ерекше кезең. Ал сол арманды шындыққа айналдыратын – жастар, сіздердің жігерлеріңіз, талпыныстарыңыз бен батыл қадамдарыңыз.
Бүгінгі жастар – тек болашақтың иесі емес, бүгінгі өзгерістердің қозғаушы күші. Білімге ұмтылып, жаңа идеяларды жүзеге асырып, өз кәсібін бастап, қоғамдық бастамаларға белсене атсалысып жүрген жастардың әрбір жетістігі – ел дамуының маңызды бөлігі.
Армандаудан қорықпаңыздар, жаңалыққа ұмтылыңыздар. Қателесуден қорықпай, әр мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Себебі үлкен өзгерістер әрқашан кішкентай қадамнан басталады.
Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас қуат пен шабыт тілейміз!
Жарқын болашақ – өз қолдарыңызда! Мереке құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1272819?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау