Абай күніне арналған іс-шаралар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай күніне арналған іс-шаралар өткізілді

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қарасты мекемелерінде 10 тамыз – Абай күніне арналған кешенді іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар барысында сотталғандар ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-танымдық сағаттарға қатысты.

Абайдың шығармалары мен «Қара сөздері» оқылып, талқыланды. Сонымен қатар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, әдеби викториналар мен зияткерлік байқаулар ұйымдастырылды.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – сотталғандар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық мәдениет пен әдебиетке деген құрметті арттыру, сондай-ақ Абайдың мол шығармашылық мұрасын насихаттау.

Мекемелерде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмелері, ақпараттық бұрыштар ұйымдастырылып, қатысушылар шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар сотталғандардың мәдени және зияткерлік деңгейін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ұлы ойшылдың тағылымды мұрасын тереңірек танып-білуіне ықпал етеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1272741?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version