Әлібек Мамытжанұлы басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының 2026 жылғы 11 тамыздағы №17-ж/қ-1 бұйрығымен Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы басшы орынбасары (экономикалық, қаржылық мәселелері бойынша) лауазымына тағайындалды.

Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлв ауданында 1985 жылы 20 маусымда дүниеге келген.

Білімі – жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бастаған.
2012-2015 жж. Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының студенттік жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімі бас маман міндетін уақытша атқарушы, бас маманы;
2015-2016 жж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси мониторинг бөлімінің бас маманы;
2016-2017 жж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының бас маманы;
2017-2018 жж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы;
2018-2019 жж. Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы;
2019-2021 жж. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2021-2024 жж. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы әкімнің орынбасары;
2025 жылдың сәуір-маусым айларында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйлестіру бөлімінің бас маманы;
2025 жылдың маусым айынан бастап 2026 жылдың 11 тамызына дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Құттықтаймыз, жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1272814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version