Бүгінде Ақтөбе облысында 14–35 жас аралығындағы 268 714 жас бар. Бұл — облыс халқының шамамен 30 пайызы, яғни өңірдегі әрбір үшінші тұрғын.
Жастардың әлеуетін арттыру, олардың бастамаларына қолдау көрсету және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Өңірде жастармен жұмысты 14 жастар ресурстық орталығы жүзеге асырады. Олардың қатарында 1 облыстық, 1 қалалық және 12 аудандық орталық бар. Жастар саясаты саласында 165 қызметкер, оның ішінде жастармен тікелей жұмыс істейтін 98 маман еңбек етеді. 2025 жылы сала қызметкерлерінің жалақысы 30–50 пайызға артты.
2026 жыл жастар саясаты үшін нақты нәтижелерге бағытталған жыл болмақ. Жастар саясаты 7 бағыт пен 12 нысаналы индикатор негізінде іске асырылса, жылдық жол картасына 11 бағыт бойынша 91 тармақ енгізілген.
Жастардың мемлекеттік басқару мен қоғамдық-саяси өмірге араласуына да ерекше көңіл бөлінуде. Жылдың алғашқы 6 айында 246 жас мемлекеттік қызметке қабылданды. Алдағы уақытта 5 жасты қоғамдық кеңестерге, 9 жасты мәслихаттарға енгізу жоспарланған. Қоғамдық-саяси процестерге тартылатын жастар санын 1 000-ға, қамту үлесін 37 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.
Жастарды тұрғын үймен және жұмыспен қамту — негізгі басымдықтардың бірі. «Ақтөбе жастары» бағдарламасы бойынша 69 жас отбасы баспаналы болса, «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында 484 жас қолдау алады. Жалпы мемлекеттік қолдаумен қамтылатын жастар санын 20 мыңға дейін жеткізу жоспарланған.
Жұмыспен қамту шараларымен 5 531 жас қамтылды. Оның ішінде 2 943 жас тұрақты жұмысқа орналастырылса, 223 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 285 жас жастар практикасына, 560 жас қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар 67 жас кәсіптік оқуға, 772 жас «Бастау Бизнес» жобасына, 681 жас онлайн оқуға жіберілді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында шамамен 250 шараға 20 мыңнан астам жас қатысып, күзде тағы 1 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған.
Жастарды еңбекке тартудың тағы бір тиімді құралы — «Жасыл ел». Биыл жоба аясында 3 200 жасты жұмыспен қамту жоспарланса, қазіргі таңда оның 3 100-ден астамы жұмысқа тартылды. Сонымен қатар үздік 100 жасқа Астанаға тегін жолдама беріледі.
Жастарға қажетті кеңес пен қолдау көрсету де назардан тыс қалған жоқ. Цифрлық, қаржылық және медиа сауаттылық, психологиялық және заңгерлік көмек, кәсіби бағдар бағыттарында 132 шараға 4 983 жас қатысты. Ақпараттық қолдау аясында 895 жас кеңес алды, оның ішінде 65-і психологиялық, 798-і әлеуметтік, 32-сі заңгерлік көмекке жүгінді.
Еріктілік қозғалысы да қарқынды дамуда. Бүгінде өңірде 3 мыңнан астам волонтер, 161 волонтерлік топ бар. Өткізілген 98 шарамен 80 мыңнан астам жас қамтылды.
Жастардың жаңа идеяларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы арқылы 20 жасқа 1,3 млн теңгеден, жалпы 26 млн теңге грант берілді. Қосымша тағы 20 жасқа 26 млн теңге грант беру жоспарланған. Ал жаңа идеялар мен бастамаларға қатысатын жастар санын 27 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр.
«Заң және тәртіп» бағыты бойынша 825 шараға 49 713 жас, бұқаралық спорт бағытындағы 129 шараға 9 154 жас тартылды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, репродуктивті денсаулық пен салауатты өмір салты, радикалды экстремизмнің алдын алу бағыттарында сәйкесінше 64, 27 және 132 шара өткізіліп, мыңдаған жас қамтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1273276?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау