Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде жұмыс кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Н. Ғабдушев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келді.
🔹Жұмыс сапары барысында Комитет төрағасының орынбасары Департамент ұжымымен кездесіп, білім сапасын қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
🔹Кездесу барысында білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру, білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔹Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік қызметшілер мен білім саласы мамандарының ортақ міндеті екені атап өтілді. Осы бағытта қызметтік әдеп нормаларын сақтау, шешім қабылдау кезінде заңдылық пен ашықтық қағидаттарын басшылыққа алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және азаматтардың өтініштерін қарау барысында объективтілік пен әділдікті қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлық тәуекелдерін ерте анықтау және олардың алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы сөз болды.
🔹Кездесу соңында Департамент ұжымына білім беру сапасын арттыру, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар міндеттер белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe/press/news/details/1273297?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version