Ақтөбе қаласындағы №52 «Құлагер» балабақшасында балалардың танымдық қабілетін дамытуға, ұлттық және тарихи-мәдени құндылықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған «Жібек жолы – даму қазынасы» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында балалар Ұлы Жібек жолының тарихы мен маңызымен ойын, шығармашылық әрекет, зерттеу және тәжірибе арқылы танысады. Олар көне керуен жолы, сауда, қолөнер, кілем тоқу, макрамэ, ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр туралы қарапайым түсініктер алады.
Жобаның басты мақсаты – балаларға тарихи мұраны таныта отырып, олардың зерттеу, шығармашылық, қарым-қатынас және танымдық қабілеттерін дамытуға қолайлы орта қалыптастыру.
«Жібек жолы – даму қазынасы» жобасы аясында педагогтерімізбен семинар өткізіп, жобаны одан әрі толықтыру жолдарын талқыладық. Себебі бұл орта арқылы балаларымыз Ұлы Жібек жолының тарихы мен маңызын танып, ата-бабамыздың қолөнерін меңгереді, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығы артады», – деді балабақша меңгерушісі Гүлмира Сәбитбекқызы Биртаева.
«Өткенді танып – бүгінді бағалап – болашақты құру» қағидасына негізделген жоба балалардың туған жерге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға және жан-жақты дамуына бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1272955?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау