АУДАН ӘКІМІ ЖАҢАТАЛАПТЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңаталап ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Жаңатас қалалық билер кеңесінің төрағасы, мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан басшысы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жобалар мен жоспарлармен бөлісті.

🔰Кездесуде аудан басшысы аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, жоспардағы атқаратын жұмыстарды баяндады. Бүгінде ауылды көркейтуге үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы айтып, ауылдың жарқын болашағы үшін тынымсыз істер атқарыла беретінін жеткізді: – Қадірменді көпшілік! Қазақстан Республикасының Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес, бүгін өздеріңізбен кездесіп, 2026 жылдың І-ші жартыжылдығында ауданымызда атқарылған жұмыстары туралы баяндап, аудан жұртшылығының талап тілектеріңізді тыңдауға жиналып отырмыз. Жиынымыздың басында елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тоқтала кетуді жөн көріп отырмын, – деп еліміздегі саяси науқан туралы кеңінен тоқталды.

🔰Сонымен қатар, өңірдің дамуына да тоқтала кетті. Мәселен, соңғы жылдары Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобалар жүйелі түрде қолға алынуда. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа өндірістерді іске қосу жөніндегі тапсырмалары мен тұрақты қолдауының аясында жүзеге асуда. Қазіргі таңда облыстың инвестициялық пулында жалпы құны 5,6 триллион теңгені құрайтын 116 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 71 жоба қазіргі таңда құрылыс кезеңінде. Тағы 45 жоба жобалау алдындағы дайындық жұмыстарынан өтуде. Бұл жобалардың басым бөлігі өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және «жасыл» экономика салаларына тиесілі.

🔰Кездесу барысында ауыл тұрғындары ауылдағы шешілмей отырған мәселелерді қозғады. Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сұрақтаға Заң аясында жауап беріп, мәселелердің оң шешімін табуға жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1273115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version