Құрметті Сандықтау ауданының жастары!
Сіздерді Халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар – Елдің қуаты, тың идеялар мен жаңашылдықтың бастауы. Ауданымыз бен Еліміздің болашағы көп жағдайда сіздердің бастамашылдығыңызға, мақсатқа ұмтылыстарыңызға және белсенді азаматтық ұстанымдарыңызға байланысты.
Әрқайсыңызға өз күшіңізге деген сенім, өзін-өзі дамыту мен жүзеге асыруға мол мүмкіндік, білім мен еңбекте толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілеймін. Жандарыңыздан әрдайым қолдау көрсетіп, шабыттандыратын жандар табылсын. Батыл бастамаларыңыз жүзеге асып, армандарыңыз орындала берсін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1272639?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау