Мемлекеттік инспекция комитетінде астық резервтерінің сақталуын бақылау мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінде реттеушілік әсерді талдау рәсімі шеңберінде астықтың резервтік қоры мен жемдік қорының сандық-сапалық сақталуына мемлекеттік бақылауды енгізу мәселесі бойынша қоғамдық талқылау өтті. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «Атамекен» ҰКП, салалық қауымдастықтардың және астық қабылдау кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында функциялары бұған дейін жергілікті атқарушы органдарға берілген астық инспекциясының қолданыстағы жүйесінің тиімділігі мәселелері қаралды. Заңнамадағы өзгерістерге байланысты бүгінгі таңда стратегиялық қорлардың сақталуына кешенді бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін толыққанды тетіктердің жоқтығы атап өтілді. Осыған байланысты салалық заңнамада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту және әкімдіктерге тиісті өкілеттіктер беру ұсынылады.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар астық резервтерінің сақталуына мемлекеттік бақылау тетіктерін жетілдіру қажеттілігін қолдады. Жүйелі тәсілді енгізу астық қабылдау кәсіпорындарының жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге және азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/press/news/details/1273237?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version